2026 жылғы 6 қарашадан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №10 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Жангалиева Раиса Булатовна тағайындалды.
Еңбек жолын 1994 жылы Айыртау ауданының Кирилловка орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Білім беру саласындағы жалпы еңбек өтілі — 30 жыл.
Еңбек жолы:
• 1999–2001 жылдары — Балқаш қаласының №16 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі;
• 2001–2007 жылдары — Балқаш қаласының №2 мектеп-интернатында бастауыш сынып мұғалімі;
• 2007–2008 жылдары — «Балқаш қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдіскері;
• 2009–2015 жылдары — «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
• 2015–2018 жылдары — Көкшетау қаласы «№3 Красный Яр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
• 2018–2019 жылдары — «Келешек-2030» баспа үйінің редактор-әдіскері;
• 2019–2022 жылдары — Көкшетау қаласы «№1 Красный Яр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;
• 2022–2023 жылдары — «Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» білім сапасын бағалау жөніндегі әдіскері;
• 2023–2024 жылдары — «Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» аттестаттау бойынша бас маманы;
• 2024–2025 жылдары — «Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» әдістемелік кабинет меңгерушісі.
* 2025-2026 жылдары Көкшетау қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебнің директоры.
Мектеп ұжымы жаңа басшыға жемісті еңбек пен табыс тілейді.