Текст


Профилактикалық дәріс. 2 ақпан күні мектебімізде 8-10 сынып оқушыларына арналған профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараны Ақмола облысы Дін істері басқармасының КММ «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» консультативтік-реабилитациялық бөлімінің жетекшісі және психологы Гредина Т.С. өткізді.
Дәрістің тақырыбы: «Деструктивті псевдодіни ағымдар қызметінің қауіптілігі, мәні және көрініс формалары».
Кездесу барысында оқушыларға деструктивті ағымдардың белгілерін тану, сыни ойлау дағдыларын дамыту және жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру жөнінде ақпарат берілді.
Профилактическая лекция.