"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша  білім бөлімі Көкшетау қаласының  №10 жалпы орта білім беретін мектебі"
"Общеобразовательная  школа №10 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қаламы қарымды жазушы – Әлібек Асқаров» атты дөңгелек үстел

Әлібек Асқаровтың туғанына 75 жыл толуына орай қаңтар айында «Қаламы қарымды жазушы – Әлібек Асқаров» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
8 «Ә» және 9 «Ә» сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мағлұмат алды. Іс-шара барысында «Тауда бұлақтар туады», «Жабайы аңғардың зары», «Қорқынышты қара аю» атты кітаптары таныстырылды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, талқылауға белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Іс-шара жас ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын оятуға, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға және Әлібек Асқаровтың шығармаларын оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.


Текст