15.04.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер Мемлекеттік білім беру қызметтерін «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ көрсетеді. Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 48Б.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарапынан 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2025 жылы мектепте 132 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» порталы арқылы – 132 мемлекеттік қызмет;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 0 мемлекеттік қызмет.
Негізді бас тартулар жоқ. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат Негізгі орта мектепте ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер болып табылады:
«Қаржылай көмек көрсету»;
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;
«Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері жарияланған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері ұсынылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар 2025 жылы мектеп тарапынан 3 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, соның ішінде ресми интернет-парақшада 6 жарияланым жасалды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
2025 жылы 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат 2025 жыл ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері Ішкі бақылау бақылау іс-шаралары және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу нысанында жүзеге асырылады. 2025 жылға арналған Бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес мектепте 2 бақылау іс-шарасы өткізілді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру перспективалары
Тиімділікті және қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
«Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беру үлесін арттыру;
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.
Директор: ________________ Т. Гибнер