15.04.2026
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында №10 ЖОББМ-де «Құқық бұзушылықтың алдын алу – қауіпсіз қаланың кепілі» тақырыбында сынып жетекшілерге арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында педагог-психолог Кагарманова Н.К. «Коллаборативтік ортаны қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізді. Директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары Кобжасарова Б.К. мектептегі профилактикалық жұмысты талдап, есепте тұрған оқушылар санын азайту жолдарын ұсынды. Оқушылар «Дұрыс таңдау» қойылымын сахналады.
Практикалық алаңдарда:
Жоғары буында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың басты себебі — отбасы ма, әлде әлеуметтік орта ма?» тақырыбында дебатты Яворская Т.А. өткізді.
Орта буында Абилова А.А. 7 «А» сыныбымен «Инновация деген не? Цифрлық диета: гаджеттерден қысқа мерзімді бас тартудың әсері» тақырыбында сынып сағатын өткізді.
Бастауыш сыныптарда Смолевская Н.А. және Сабитова А.Ю. ұйымдастыруымен «Қауіпсіздікті таңдаймын» квесті жүргізілді.
Қорытынды бөлімде қалалық деңгейде профилактикалық жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданып, практикалық алаңдардың нәтижесі талқыланды.
Қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі бойынша әдіскері Бахитгуль Долайқызы сынып жетекшілерге қатысты қажетті құжаттар тізбесін (тәрбие жоспары, профилактикалық жұмыс жоспары, есепте тұрған оқушылармен жұмыс папкасы, ата-аналармен жұмыс құжаттары және мониторинг материалдары) нақтылап көрсетіп, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу жолдарын таныстырды.
Семинар тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмысты жетілдіруге мүмкіндік берді.

